ҚМГ жаңалықтары

24.12.2018

ҚМГ БӨ KASE-де артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2018 жылдың 4-сі мен 20-ші желтоқсан аралығында KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу жөнінде арнаулы сауда-саттық жүргізілгенін хабарлайды.

Арнаулы сауда-саттық жүргізу қорытындысы бойынша Компания әр данасын 12 800 теңге бағамен 27 471 артықшылықты акцияны сатуға өтініштерді қанағаттандырды. Сатып алудың жиынтық сомасы 351 628 800 теңгені құрады.

Еске сала кетейік, Компания 13 тамызда бір акция үшін 12 800 теңге бағамен 1 905 209 акцияға дейін көлемде еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акциясын сатып алатыны туралы хабарлаған болатын. Акционерлерден келіп түскен өтініш санының көптігіне байланысты қарашаның 12-сі күні ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің шешімімен артықшылықты акцияларын сатып алу мерзімі 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері Компания 14 383 424 000 теңге сомасына артықшылықты акцияның барлығы 1 123 705 данасын сатып алды.