ҚМГ жаңалықтары

13.12.2018

«ҚазТрансОйл» АҚ мемлекет Басшысын мұнай тасымалындағы орталықтандырылған басқару жүйесімен таныстырды

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустриализацияның екінші бес жылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір барысында «ҚазТрансОйл» АҚ «Астана» бас диспетчерлік басқармасы жұмысын іске қосты.

«ҚазТрансОйл» компаниясы жаһандық цифровизация трендінен тыс қалған жоқ.  Біз Қазақстандағы мұнай тасымалын басқарудағы digital-жүйесін құрдық. Бұл бағытта компанияның барлық процестерін түбегейлі өзгерттік. Сандық технологияның соңғы нүктесіне 2018 жылы жеттік. Бүгінде бас диспетчерлік басқармасы (БДБ) ҚазТрансОйлдың сандық экожүйесінің іргетасы болып табылады», - деп атап өтті мемлекет Басшысына бас директор (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов.

«Онлайн режимде БДБ мұнайды қабылдайды және өткізеді, шикізатты қазақстандық төрт мұнай өңдеу зауытына жеткізеді сондай-ақ, Ақтаудағы мұнай құятын порты арқылы сыртқы нарыққа шығарады»,- деді ол.

БДБ «Астана» - ұзақтығы 5,4 мың шақырым болатын «ҚазТрансОйл» АҚ магистарльды құбыры арқылы мұнай тасымалын автоматтандырылған және интеграцияланған бақылайтын және қадағалайтын жүйе.  Жобаның жалпы құны  - 2.6 млрд теңгені құрайды.

Сандық жоба, технологиялық процестің өндірістік қауіпсіздігін арттырып, апат болған жағдайдың өзінде тәуекелді азайтып, өндіріс жұмысын тоқтатуға тосқауыл болады.