ҚМГ жаңалықтары

11.12.2018

«Сарыарқа» магистралды газ құбыры құрылысы бастау алды

2018 жылдың 11 желтоқсанында Индустриализация күніне орай жалпыұлттық телекөпірде Қазақстан  Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Сарыарқа» магистралды газ құбыры құрылысының бастау алғанын білдірді.

Жоба Қазақстан аймақтары мен Астана қаласына газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстанның көптеген қалалары мен елді мекендеріне арзан және сапалы көгілдір отын  болып табылатын газға көшуге мүмкіндік беріп, елдегі экологиялық жағдайды барынша жақсартады. Бизнес пен өндірістің дамуына серпін береді.

Газ құбырының жалпы ұзындығы  1061,3 км. құрайды.  Құрылыс сызбасы Қызылорда, Қарағанды және Ақмола облыстары арқылы өтетін болады. Газ құбырының 1 кезеңінің өткізу мүмкіндігі – жылына 2,2 млрд. текше метр. Құрылыс кезеңінде 1690 жұмыс орнын, іске қосылғаннан кейін 194 жұмыс орнын қамтамасыз ету көзделуде.

 

Анықтама:

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 90,42 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа, 9,58 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.

 

Хабарласу үшін ақпарат

 

Инвесторлармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:

Телефон: +7 7172 78 63 43

Эл. пошта: ir@kmg.kz

Веб-сайт: www.ir.kmg.kz

 

БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:

Телефон: +7 7172 78 62 77, Телефон: +7 7172 78 62 42

Эл. пошта: press@kmg.kz

Веб-сайт: www.kmg.kz