Компанияның стратегиясы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сатылас біріктірілген ұлттық мұнай-газ компаниясы бола отырып, Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының одан әрі дамуына күшін жұмсайды.  

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ миссиясы  ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Акционерлер үшін барынша көп пайдаларды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Пайымы 2028 жылға қарай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қауіпсіздік пен корпоративтік басқарудың ең жоғары стандарттарына сәйкес келетін жоғары тиімді сатылас біріктірілген операциялық компания болуы тиіс.

 

Корпоративтік құндылықтар:

  1. SAQTYQ (қауіпсіздік)
  2. BIRLIK (бірлік)
  3. SABYR (салмақтылық)
  4. SAPA (сапа)

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ миссиясы мен пайымына қол жеткізу үш стратегиялық мақсатты іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі:

  1. Құнын құру және қаржылық тұрақтылықты нығайту;
  2. ЕТҰ/БК басқарылушылық деңгейін жоғарылату;
  3. Корпоративтік басқару және орнықты даму.

Стратегиялық мақсаттарды іске асыру еркін ақша ағынының және инвестицияларды қайтару көрсеткішінің өсуіне жетуге, операциялық жетілдіруді тез және тиімді жүргізуге және   корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің, еңбекті, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғаудың жетілдірілген көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйесін құруға мүмкіндік береді.