Корпоративтік хатшы

«Корпоративтік хатшы ҚМГ мен акционерлер, ҚМГ акционерлері мен Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Басқармасы мен өзге де органдары арасындағы, ҚМГ мен оның негізгі еншілес және тәуелді ұйымдары арасындағы жүйелі коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлға болып табылады. Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері Директорлар кеңесі, акционерлер тарапынан корпоративтік шешімдердің уақытылы және сапалы қабылдануына жәрдем көрсетуді, Директорлар кеңесінің мүшелері қызметінің және ҚМГ корпоративтік басқару кодексінің ережелерін қолданудың барлық мәселелері бойынша Директорлар кеңесі мүшелері кеңесшісінің ролін орындауды, сондай-ақ ҚМГ корпоративтік басқару кодексінің іске асырылуына мониторинг жүргізуді қамтиды. Корпоративтік хатшы ҚМГ мен еншілес және тәуелді ұйымдарындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру процесі үшін жауап береді». Корпоративтік хатшы өз міндеттерін тәуелсіз негізде жүзеге асыратын және Директорлар кеңесіне есеп беретін Компанияның қызметкері болып табылады. ҚМГ корпоративтік хатшысы - Дамир Валерьевич Шарипов, ол 2015 жылдың 5 қаңтарында өз міндетін атқарған.

2019 жылдың 1 ақпанынан бастап Корпоративтік хатшы Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиумында Корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңестің Корпоративтік хатшылары комитетінің мүшесі ретінде сайланды.

Азаматтық: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 1980 жылғы 22 қаңтар

Білімі:Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін халықаралық қатынастар факультеті «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Сертификатталған корпоративтік хатшы. Корпоративтік хатшыларға арналған корпоративтік басқару саласындағы сертификатталған тренер. Қазір «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» ЖМ тренері.

Жұмыс тәжірибесі: 2001 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңде Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2007-2012 жылдарда «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-та әр түрлі қызметтерде жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазТрансГаз» АҚ-та әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015 жылғы 5 қаңтардан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшысы болып табылады.

Байланыс ақпарат: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр д-лы, 19

Тел.: +7 (7172) 78 65 25

Эл. пошта: d.sharipov@kmg.kz